10 маусым 17 12:07 Қазақстан жаңалықтары/

Қазақстанның Елшісі Украиналық-қазақстандық қатынастардың мемлекетаралық институтының активімен кездесті

2017 жылғы 9 маусымда Киев қаласында Қазақстан Республикасының Украинадағы және Молдова Республикасындағы Елшісі С.Ордабаевтың Украиналық-қазақстандық қатынастардың мемлекетаралық институтының активімен кездесуі өткізілді.

Дипломатиялық миссия басшысы кездесу қатысушыларын заманауи Қазақстанның негізгі жетістіктері мен стратегиялық басымдықтарымен таныстырды. Қазақстанның Тәуелсіздік жылдары мемлекеттің саяси және экономикалық дамуының мықты фундаменті қаланғанын атап өтті. Қазақстанның даму моделі әрдайым жаңарып, жедел өзгеріс үстіндегі сыртқы жағдайларға бейімделуде. Осыған орай, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен дамыған 30 елдің қатарына қосылуға мүмкіндік беретін мемлекеттің кең ауқымды модернизациясы басталғанын хабарлады. С.Ордабаев Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына кеңірек тоқталды.

Кездесу қатысушылары Қазақстанның қойып отырған өршіл мақсаттарын жоғары бағалады. Қазақстанның өмірдің барлық қырларындағы табысты тәжірибесінің халықаралық қауымдастықпен кең танылғанын ерекше атап өтті. Қоғамды сананы жаңғырту бойынша бастамалар тек ең озық халықаралық тәжірибеден ғана емес, жаңашылдық пен креативті шешімдерден тұратынын айтты.

Институттың директоры Н.Степаненко қазақ тілінің латын әліпбиіне өтуі – қазіргі заманғы ғылыми-білім беру технологиялық және іскерлік кеңістікке интеграциялануды оңайлататын уақытпен талап қойылған, әрі қазақ тілін дамуына серпін беретін шешім екендігін білдірді. Білім бағдарламасына үштілді жүйенің енгізілуі, 100 ең үздік оқулықтардың қазақ тіліне аударылуы мен басқа да шаралар бәсекеге қабілетті мемлекетті құрудың негізгі факторы болатынын сеніммен айтты.

Кездесу қатысушылары экономика және мәдени-гуманитарлық саладағы нақты жобаларды іске асыру мүмкіндігін талқылады. Оларды Қазақстан территориясында құрылған біріккен кәсіпорындар арқылы ілгерілету алгоритмі жасалды.

 

 

Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі

 


Warning: require_once(/usr/local/apache/www/kz/htdocs/www//a8693344089437452c2aef4c7783910cb1d11f1f/trustlink.php) [function.require-once]: failed to open stream: No such file or directory in /usr/local/apache/www/kz/htdocs/app/views/blocks/footer.phtml on line 17