27 мамыр 17 10:38 Қазақстан жаңалықтары/

Қазақстанның Елшісі Тернополь облысының инвестициялық мүмкіндіктерімен танысты

2017 жылғы 23-25 мамырда Қазақстанның Украина және Молдовадағы Елшісі С.Ордабаев «Ternopil Region Invest - 2017» Халықаралық инвестициялық форумына қатысты.

Дипломатиялық миссия басшысы украиналық іскер топтарды Қазақстанның экспорттық әлеуеті мен инвестициялық климаты туралы хабардар етті.

Тағам және қайта өңдеу, туризм, білім және ғылым саласындағы қазақстандық-украиналық ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды. Көлік-логистикалық дәліздерді құру мәселесі бойынша әрекеттестіктің маңыздылығы баса айтылды.

Қазақстандық қоғамның саяси, экономикалық және мәдени-рухани трансформациясын қамтитын Қазақстанның одан әрі жаңғыруының комлексті эволюциялық бағдарламасы жиналғандардың ерекше қызығушылығын туғызды.

Тернополь облысы – Украинаның инвестициялық тұрғыдағы ең тартымды өңірлерінің бірі. Дамыған ауыл шаруашылығы, индустриялық потенциал, қайта өңдеудің ондаған кәсіпорындары мен ыңғайлы географиялық орналасуы бизнесті жүргізуге өзінің оң ықпалын тигізеді.

 

 

Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі


Warning: require_once(/usr/local/apache/www/kz/htdocs/www//a8693344089437452c2aef4c7783910cb1d11f1f/trustlink.php) [function.require-once]: failed to open stream: No such file or directory in /usr/local/apache/www/kz/htdocs/app/views/blocks/footer.phtml on line 17