15 мамыр 17 11:56 Қазақстан жаңалықтары/

Қазақстанның Елшісі Молдованың Премьер-Министрімен кездесті

2017 жылғы 15 мамырда Қазақстан Республикасының Украина және Молдова Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Самат Ордабаев Молдованың Премьер-Министрі Павел Филиппен кездесу өткізді.

Дипломатиялық миссия басшысы сұхбаттасын «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы жолдауында белгіленген еліміздің даму басымдықтары, конституциялық реформалардың қорытындылары мен Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласымен таныстырды.

Өз кезегінде П.Филип Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың мемлекетті құру мен қалыптасуындағы негізгі рөлін, Қазақстанның әлемдік аренадағы белсенді әрі жауапты саясатын ерекше атап өтті. Молдовалық тараптың Қазақстанмен достық пен ынтымақтастықты күшейту бағытын растады.

Кездесу барысында қос мемлекеттің экономикалық өзараәрекеттестік сұрақтары талқыланды. Тағам өнеркәсібі, шикізатты өңдеу, өсімдіктерді өсіру технологиясы мен селекциясы, туризм және білім алу саласындағы ынтымақтастықты кеңейту қажеттілігі атап өтілді. «Жаңа Жібек жолы» жобасының шеңберінде еуроазиаттық транспорт дәліздерін құру маңыздылығы айтылды.

Тараптар өнімдері Еуразиялық Экономикалық Одақ, Орталық Азия, Қытай, Иран мен Парсы шығанағы елдеріне шығаруға жол ашатын Қазақстандағы біріккен кәсіпорындарды ашу перспективтілігін баса айтты.

Сұхбаттасушылар алдағы уақытта өткізілетін Сауда-экономикалық ынтымақтастық бойынша қазақстандық-молдавалық үкіметаралық комиссияның ұйымдастыру сұрақтарын талқылады.

 

 

Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі


Warning: require_once(/usr/local/apache/www/kz/htdocs/www//a8693344089437452c2aef4c7783910cb1d11f1f/trustlink.php) [function.require-once]: failed to open stream: No such file or directory in /usr/local/apache/www/kz/htdocs/app/views/blocks/footer.phtml on line 17