04 сәуір 17 09:54 Қазақстан жаңалықтары/

Қазақстан Елшілігінің командасы волейболдан ІІ орынды жеңіп алды

2017 жылғы 1 сәуірде Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі дипломатиялық және консулдық мекемелердің қызметкерлері арасындағы ХІ Спартакиада волейболдан ІІ орынды жеңіп алды.  

Волейболдан өткен жарысқа 11 команда қатысты. Олардың ішінде Франция, АҚШ, Германия, Иран, Израиль елшіліктері, ЕО Консультациялық миссиясы, Украина Сыртқы істер министрлігі, Украина Президенті Әкімшілігі жанындағы «Шет елдердің мекемелеріне қызмет көрсету дирекциясы» және т.б.

Жыл сайынғы Спартакиаданың бағдарламасына қосымша 6 спорт түрлері кіреді: боулинг, үстел теннисі, футзал, мини-гольф, пейнтбол және теннис.

 

 

Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі


Warning: require_once(/usr/local/apache/www/kz/htdocs/www//a8693344089437452c2aef4c7783910cb1d11f1f/trustlink.php) [function.require-once]: failed to open stream: No such file or directory in /usr/local/apache/www/kz/htdocs/app/views/blocks/footer.phtml on line 17