23 наурыз 17 23:00 Қазақстан жаңалықтары/

Қазақстанның Елшісі Молдова Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

2017 жылғы 23 наурызда Кишинев қаласында Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Самат Ордабаев Молдова Республикасының Президенті Игорь Додонға сенім грамоталарын тапсырды.

Құттықтау сөзінде И.Додон Қазақстанмен достық пен ынтымақтастықты ары қарай нығайтудағы молдовалық тараптың құлшынысын білдірді. Ол агроөнеркәсіп кешені, еуроазиялық көлік дәліздерін қалыптастыру, ғылым және білім, туристтік салалардағы қазақстандық-молдовалық ынтымақтастықтың келешегі туралы баса айтты.

Кездесудің соңында Молдованың Мемлекет басшысы Елбасы Н.Назарбаевқа ізгі тілектерін жеткізуді сұрады.

 

 

Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі


Warning: require_once(/usr/local/apache/www/kz/htdocs/www//a8693344089437452c2aef4c7783910cb1d11f1f/trustlink.php) [function.require-once]: failed to open stream: No such file or directory in /usr/local/apache/www/kz/htdocs/app/views/blocks/footer.phtml on line 17