21 наурыз 17 17:47 Қазақстан жаңалықтары/

Киевте көктемнің Наурыз мерекесі атап өтілді

2017 жылғы 21 наурызда Киев қалалық мемлекеттік әкімшілігінің Залында Халықаралық Наурыз күні атап өтілді.

Мерекелік іс-шара сегіз елшілікпен ұйымдастырылды: Әзербайжан Республикасы, Ирак Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Түрікменстан, Түркия және Өзбекстан Республикасы.

Дипломатиялық миссия басшылары қатысушыларды көктемнің жаңару мерекесімен әлемнің сегіз тілінде құттықтап, өздерінің жылы лебіздерін білдірді.

Биылғы Наурыз мерекесіне мыңнан аса қонақ қатысты, олардың ішінде Украинаның мемлекеттік органдарының өкілдері, Жоғарғы Рада депутаттары, дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдардың басшылары, қоғам қайраткерлері, эксперттік қауымдастық, БАҚ, ұлттық диаспоралар өкілдері болды.

Көркемдік бағдарламамен қатар, келген конақтар ұйымдастырушы-мемлекеттердің мәдениеті және дәстүрлерімен танысуға мүмкіндік алып, мол шығыс дастарханынан дәм татты.

Мерекелік іс-шара шеңберінде қазақстандық елшілікпен Қазақстанның экономикалық және туристтік әлеуетіне арналған экспозиция ұйымдастырылды. Онда қазақ халқының тұрмыстық бұйымдары, өнер үлгілері, ұлттық киімдер, сирек басылымдар және т.б. ұсынылды.

Сол күні Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Самат Ордабаев Украинаның ең озық жоғарғы оқу орындарында: Т.Шевченко атындағы Киев Ұлттық Университеті, «Киев Политехникалық Институт» Украина Ұлттық техникалық университеті, Киев Ұлттық сауда-экономикалық университеті, оқып жатқан қазақстандық студенттермен кездесті. Кездесу барысында Елші студенттерді Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» халыққа жолдауының басымдықтарымен және билік өкілеттіктерін қайта бөлу сұрақтары бойынша конституциялық реформасының негізгі ережелерімен таныстырды. Қазақстан мен Украина арасындағы жоғары білім саласындағы ынтымақтастың даму мәселелері студенттердің ерекше қызығушылығын туғызды.

 

 

Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі


Warning: require_once(/usr/local/apache/www/kz/htdocs/www//a8693344089437452c2aef4c7783910cb1d11f1f/trustlink.php) [function.require-once]: failed to open stream: No such file or directory in /usr/local/apache/www/kz/htdocs/app/views/blocks/footer.phtml on line 17