08 ақпан 17 18:11 Қазақстан жаңалықтары/

Қазақстан Елшісі Киевте ашық дәріс өткізді

2017 жылғы 8 ақпанда Киев бизнес және технологиялар институтының профессорлық оқытушы құрамына және студенттерге арналған Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Самат Ордабаевтың «Қазақстан жаңғыру және саяси реформалар кезеңінде» тақырыбындағы ашық дәрісі өтті.

Өз дәрісінде дипломатиялық миссия Басшысы осы шараға қатысушыларды Қазақстан Республикасының Президенті Н.А. Назарбаевтың билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі үндеуінің және «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жыл сайынғы Жолдауының негізгі ережелерімен таныстырды.

Елші саяси және әлеуметтік-экономикалық салаларындағы кең көлемді реформалар Қазақстанның ары қарай дамуындағы ілгерілеуді қамтамасыз етуге, мемлекеттік құрылыс жүйесін және ұлттық экономиканың жаңа геосаяси ақиқаттарға бейімдеуге бағытталғаны туралы баса айтып кетті. Олар толығымен 2050 жылға қарай Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 мемлекеттің құрамына кірудің стратегиялық мақсаттарына және мемлекетте өткізіліп жатқан институционалдық реформаларға сәйкес келеді.

«Әлем бір орында тұрған жоқ, әлеуетті ауысулар өтуде, геосаясатта жаңа трендтер пайда болды. Бұл жағдайлар мемлекетті басқару жүйесінің неғұрылым нәтижелі, тұрақты және замандас болуын талап етеді», - деді Самат Ордабаев.

Қазақстандық дипломат жаһандық бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ететін және мемлекеттің жаңа жаһандық шындықтағы позицияларын күшейтетін экономикалық өсудің жаңа үлгісінің бес негізгі басымдықтарына ерекше мән берілген биылғы Жолдаудың маңызды ережелеріне тыңдаушылардың назарын аударды.

Қазақстанның қарқынды технологиялық жаңаруы және перспективалық жаңа салалардың сандық технология негізінде жарыққа шығуы, көлік-логистикалық инфрақұрымның дамуы тыңдаушылардың қызығушылықтарын шықырды.

Дәріс қорытындысы бойынша Елші студенттердің және оқытушылардың Қазақстанның сыртқы және ішкі саясаты, экспорттық-индустриялық даму әлеуеті және қазақстан-украиндық қарым-қатынастардың келешегі туралы сұрақтарға жан-жақты жауап берді.

КиБиТ Ректоры Е.Яковлева өз кезегінде біздің мемлекетіміздің қарышты дамуын және қазақстандық Көшбасшының бәсекеге қабілетті Қазақстанның қалыптасуының жетекші рөлін аса белгілеп кетті. Сонымен қоса, ол Астанадағы ЭКСПО – 2017 Халықаралық көрмесінің қойылымына институт делигациясының келуіне ықылас білдірді.

 

                     Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі


Warning: require_once(/usr/local/apache/www/kz/htdocs/www//a8693344089437452c2aef4c7783910cb1d11f1f/trustlink.php) [function.require-once]: failed to open stream: No such file or directory in /usr/local/apache/www/kz/htdocs/app/views/blocks/footer.phtml on line 17