28 желтоқсан 16 17:33 Қазақстан жаңалықтары/

Қазақстанның Елшісі Украинаның мемлекеттік және қоғамдық қайраткерлеріне «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медальдерін тапсырды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығын мерекелеу аясында 2016 жылғы 28 желтоқсанда Қазақстанның Украинадағы Елшісі Самат Ордабаев ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың атынан Украинаның мемлекеттік және қоғамдық қайраткерлеріне «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медальдерін тапсырды.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан мен Украина арасындағы екіжақты ынтымақтастық пен достықты күшейтудегі зор үлесі үшін мерекелік медальдермен Украина Жоғарғы Радасының Қазақстан Республикасымен парламентаралық байланыс тобының жетекшісі, халық депутаты Руслан Демчак, Қазақстандық-украиндық қатынастардың мемлекетаралық институтының директоры Николай Степаненко және Қазақстандықтардың «Бірлік» ұлттық қоғамының төрайымы Макка Қаражанова марапатталды.

Өз кезегінде марапатталғандар қазақстандық-украиндық қатынастарды күшейту мен дамытудағы сіңірген еңбектеріне берген жоғары бағасы үшін Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевқа шынайы алғыстарын білдірді.

 

 

Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшісі


Warning: require_once(/usr/local/apache/www/kz/htdocs/www//a8693344089437452c2aef4c7783910cb1d11f1f/trustlink.php) [function.require-once]: failed to open stream: No such file or directory in /usr/local/apache/www/kz/htdocs/app/views/blocks/footer.phtml on line 17