08 желтоқсан 16 16:34 Қазақстан жаңалықтары/

Киевте Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған мемлекеттік қабылдау өтті

2016 жылғы 7 желтоқсанда Киевте «Fairmont Grand Hotel Kyiv» қонақ үйінің «Atrium» залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  25-жылдығына арналған мемлекеттік қабылдау өтті.

Бұл іс-шараға Украинада аккредиттелген дипломатиялық миссиялардың басшылары, Жоғарғы Раданың халық депутаттары, мемелекеттік органдардың жетекшілері, Украинаның академикалық, эксперттік және бизнес қауымдастықтың өкілдері және БАҚ қатысты.

        Өз сөзінде Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі С.Ордабаев Қазақстанның негізгі қалыптасу кезеңдеріне, оның экономикалық және саяси жаңғыртуды қамтитын алға бағытталған дамуының стратегияларына ерекше көңіл бөлді. Сонымен қатар Елші, осы барлық жетістіктерге қол жеткізу дұрыс анықталған, ұзақ мерзімді Қазақстанның даму стратегиялары, қазақстандық Көшбасшы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың феномені арқасында екенін баса айтты. Сонымен қоса, С.Ордабаев көп ғасырлық тарихы бар Украинамен достық және ынтымақтастық қазіргі Қазақстан сыртқы саясатының басты басымдығы екенін, ал екі мемлекеттің мемлекетаралық қатынастары өзара сыйластық, тең құқықтық, дұрыс прагматизм және жауапкершілік деген іргелі қағидаларға негізделгенін айрықша айтып кетті.

        Өз кезегінде, Жоғарғы Раданың Қазақстан Республикасымен парламентаралық байланыстар тобының жетекшісі, халық депутаты Руслан Демчак қазақстандықтарды Тәуелсіздіктің 25-жылдығымен құттықтап, Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев басшылығымен Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық реформалардың жүзеге асырылу жетістіктерін айрықша баса айтты. Сонымен қатар, Украина мықты және тәуелсіз Қазақстанда мүдделі екенін белгілеп кетті.

        Салтанатты іс-шара аясында Қазақстанның туристік потенциалына арналған тақырыптық фотокөрме, ұлттық тағамдарға толы мол шығыс үстел ұйымдастырылды. Қонақтардың ерекше назарын Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігімен Тәуелсіздік күні қарсаңында шығарылған «Орта Азия Барысы» кітабының көрмесі аударды.

 

 

Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі


Warning: require_once(/usr/local/apache/www/kz/htdocs/www//a8693344089437452c2aef4c7783910cb1d11f1f/trustlink.php) [function.require-once]: failed to open stream: No such file or directory in /usr/local/apache/www/kz/htdocs/app/views/blocks/footer.phtml on line 17