Посол

      

ОРДАБАЕВ САМАТ ИСЛАМҰЛЫ

 

         Қазақстан Республикасының Украинадағы және Молдова Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі

                                                        

                                                                 (Өмірбаян)

1958 жылы 13 қаңтарда дүниеге келген. 1980 жылы Алматы қаласындағы Қазақ ауылшаруашылық институтын бітірген.

1981 мен 1983 жылдары аралығында Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтында аспирантураны аяқтаған.

1989 жылы Ленинград қаласында ғылым кандидаты дәрежесін алу үшін диссертация қорғаған.

1983 жылдың шілдесінен бастап 1990 жылға дейін ғылыми еңбекпен айналысты.

1990 жылдан 1992 жылдың ортасына дейін ҚазКСР Мемэкономкомитет жанындағы КазНИИНТИ секторы меңгерушісі қызметін атқарды.

1992 жылғы тамыздан 1993 жылғы қыркүйекке дейін – ҚР Қазақ ауылшаруашылық ғылымдары академиясының ғылыми хатшысы.

1993 - 1995 жылдары – ҚР Ғылым және жаңа технологиялар министрлігінің Бөлім бастығының орынбасары.

1995 жылдың қыркүйегінен бастап - Қазақстан Республикасы ТМД мемлекеттерімен ынтымақтастық жөніндегі Мемлекеттік комитетінің бөлім бастығы.

1998-2000 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің екінші хатшысы, бірінші хатшысы, бөлім бастығы.

2000 жылдан бастап 2003 жылға дейін - Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Елшілігінде кеңесші қызметін атқарды.

2004 жылы - ТМД жөніндегі комитет төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы СІМ-нің ТМД істері жөніндегі департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

2006 жылы - Минск қаласындағы ТМД Атқарушы хатшысы – Атқарушы комитет төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

2007-2013 жылдары - Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі (Мәскеу қаласы).

2013-2016 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары.

2016 жылдың 22 сәуірінен бастап Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.

I сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дәрежесі бар.

Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген.

«Ерен еңбегі үшін» медалі – мемлекеттік наградасымен және Қазақстан Республикасының он мерейтойлық медальдарымен марапатталған. ҚР Президентінің алғысын иеленген (2007ж.). «Еуразиялық экономикалық одақты құруға қосқан үлесі үшін» І дәрежелі медалімен (2015ж.), ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің (2006 ж.) және ҰҚШҰ Ұжымдық кеңесінің құрмет грамоталарымен (2012 ж.) марапатталған.

Үйленген, 1 баласы бар.

ВАЖНЫЕ СОБЫТИЯ


Warning: require_once(/usr/local/apache/www/kz/htdocs/www//a8693344089437452c2aef4c7783910cb1d11f1f/trustlink.php) [function.require-once]: failed to open stream: No such file or directory in /usr/local/apache/www/kz/htdocs/app/views/blocks/footer.phtml on line 17